Бакалаврият студенттеріне арналған Summer Undergraduate Research Fellowship (SURF) 2026 жазғы стипендиялық бағдарламасы, София, Болгария

Бакалаврият студенттеріне арналған Summer Undergraduate Research Fellowship (SURF) 2026 жазғы стипендиялық бағдарламасы, София, Болгария

от Хамит Рауан -
Количество ответов: 0

insait

Summer Undergraduate Research Fellowship (SURF) бағдарламасы бүкіл әлемнің студенттеріне INSAIT оқытушыларының басшылығымен жазғы зерттеу жұмыстарына қатысу мүмкіндігін ұсынады. Бағдарлама MIT, Caltech және ETH Zurich университеттеріндегі келесі бағыттар бойынша ең үздік жазғы зерттеу бағдарламаларының үлгісімен жасалған:

Компьютерлік көру және робототехника • Ақпараттық қауіпсіздік және криптография • Кванттық есептеулер • Алгоритмдер және теория • Машиналық оқыту • Табиғи тілді өңдеу • Математикаға арналған жасанды интеллект • Қауіпсіз және сенімді жасанды интеллект

Қатысу үшін негізгі талаптар:

- Бакалавриат студенті болу керек

- GPA 3.5-тен жоғары болуы шарт (4.0-ден)

Шәкіртақы

Іріктеуден өткен студенттерге тұру шығындарын өтеу үшін ай сайын 1500 еуро мөлшерінде шәкіртақы беріледі. INSAIT сонымен қатар жол жүру шығындарын өтеп, визалық қолдау көрсетеді.

Өтінім берудің соңғы мерзімі: 2026 жылдың 8 наурызы.

Өтінім беру сілтемесі: https://insait.recruitee.com/o/insait-summer-undergraduate-research-fellowship-program-2026/c/new.

Қосымша ақпарат алу үшін ҚАУ Халықаралық ынтымақтастық департаментіне, 433б кеңсесіне хабарласыңыз.