KAU соңғы курс студенттері мен оқытушыларының назарына!

KAU соңғы курс студенттері мен оқытушыларының назарына!

от Хамит Рауан -
Количество ответов: 0


Еуразия елдерінің азаматтарына арналған шәкіртақы бағдарламасы

ҚХР Білім министрлігі мен Хэйлунцзян провинциясы озық білім беруді дамыту стратегиясы аясында Еуразия елдерінің азаматтарына магистратура және докторантура бағдарламасы бойынша шәкіртақы тағайындауда.

Өтінім берудің соңғы мерзімі: 2026 жылғы 20 наурыз.

Негізгі талаптар:

- Азаматтығы: ҚХР азаматы болмауы тиіс.

- Төлқұжат: қолданылу мерзімі 2027 жылдың наурызынан ерте аяқталмауы керек.

- Үлгерімі: орташа балы 75/100-ден төмен емес.

- Жасы: магистратураға – 35 жасқа дейін, докторантураға – 40 жасқа дейін.

Тілдік талаптар:

Қытай тіліндегі бағдарламаларға: HSK 5 сертификаты және одан жоғары.

Ағылшын тіліндегі бағдарламаларға: TOEFL 90+ немесе IELTS 6.0+.

Қосымша ақпарат алу үшін ҚАУ Халықаралық ынтымақтастық департаментіне, 433б кеңсесіне хабарласыңыз.