KAU студенттері мен оқытушыларының назарына! ERA AI Summer Fellowship 2026 жазғы мектебі

KAU студенттері мен оқытушыларының назарына! ERA AI Summer Fellowship 2026 жазғы мектебі

by Хамит Рауан -
Number of replies: 0


ERA AI 2026 Жазғы шәкіртақылық мектебіне өтінімдер қабылдау ашық. Бұл жасанды интеллект (ЖИ) технологияларымен байланысты тәуекелдерді азайтуға бағытталған толық қаржыландырылған тағылымдама бағдарламасы.

Шығындар: Толық қаржыландырылады

Өтетін орны: Кембридж, Ұлыбритания

Бағдарлама мерзімі: 2026 жылғы 6 шілде – 11 қыркүйек аралығы.

Өтінім берудің соңғы мерзімі: 2026 жылғы 12 сәуір.

Жоба бағыттары:

Іріктелген қатысушылар келесі үш саланың бірінде жоба әзірлеп, аяқтайды:

-  ЖИ басқару

-  ЖИ-ді техникалық басқару

-  ЖИ техникалық қауіпсіздігі

Талаптар:

-  Үміткердің жасы: 18 жас және одан жоғары.

-  Бағдарлама әртүрлі мамандықтар мен қызмет салаларындағы студенттерге, мамандарға және зерттеушілерге ашық.ЖИ қауіпсіздігі мен басқаруға деген күшті зерттеу қызығушылығының болуы.

-  Ағылшын тілін жетік білу (IELTS/TOEFL талап етілмейді).

Өтінім беру үшін келесі құжаттарды дайындау қажет:

-  Түйіндеме

-  Толтырылған өтінім формасы

-  Зерттеу жобасының жоспары

-  Екі ұсыныс берушінің мәліметтері

-  Мерзімі жарамды паспорт

Өтінім беру сілтемесі: https://airtable.com/appKHAYhmzWpZyOCg/pag0VHHxQWTBRmHHS/form

Қосымша ақпарат алу үшін ҚАУ Халықаралық ынтымақтастық департаментіне, 433б кеңсесіне хабарласыңыз.