
ERA AI 2026 Жазғы шәкіртақылық мектебіне өтінімдер қабылдау ашық. Бұл жасанды интеллект (ЖИ) технологияларымен байланысты тәуекелдерді азайтуға бағытталған толық қаржыландырылған тағылымдама бағдарламасы.
Шығындар: Толық қаржыландырылады
Өтетін орны: Кембридж, Ұлыбритания
Бағдарлама мерзімі: 2026 жылғы 6 шілде – 11 қыркүйек аралығы.
Өтінім берудің соңғы мерзімі: 2026 жылғы 12 сәуір.
Жоба бағыттары:
Іріктелген қатысушылар келесі үш саланың бірінде жоба әзірлеп, аяқтайды:
- ЖИ басқару
- ЖИ-ді техникалық басқару
- ЖИ техникалық қауіпсіздігі
Талаптар:
- Үміткердің жасы: 18 жас және одан жоғары.
- Бағдарлама әртүрлі мамандықтар мен қызмет салаларындағы студенттерге, мамандарға және зерттеушілерге ашық.ЖИ қауіпсіздігі мен басқаруға деген күшті зерттеу қызығушылығының болуы.
- Ағылшын тілін жетік білу (IELTS/TOEFL талап етілмейді).
Өтінім беру үшін келесі құжаттарды дайындау қажет:
- Түйіндеме
- Толтырылған өтінім формасы
- Зерттеу жобасының жоспары
- Екі ұсыныс берушінің мәліметтері
- Мерзімі жарамды паспорт
Өтінім беру сілтемесі: https://airtable.com/appKHAYhmzWpZyOCg/pag0VHHxQWTBRmHHS/form
Қосымша ақпарат алу үшін ҚАУ Халықаралық ынтымақтастық департаментіне, 433б кеңсесіне хабарласыңыз.