Нұрсұлтан Назарбаев Қоры студенттік стипендияларға арналған жыл сайынғы байқаудың басталғанын хабарлайды.
Байқауға 2 курс және одан жоғары курс студенттері қатыса алады. Үміткерлердің академиялық үлгерімі жоғары болып, ғылыми, қоғамдық немесе шығармашылық қызметте белсенді болуы қажет.
📅 Байқау мерзімі: 29.04.2026 – 15.09.2026
Байқау ережесімен мұқият танысуларыңызды сұраймыз. Егер талаптарға сәйкес келсеңіздер, өз мектептеріңіздің деканатына жолығуларыңыз қажет.