Wi-Fi

Wi-Fi

Пользователь Администратор - келді
Number of replies: 0

📣Құрметті студенттер, оқытушылар және қызметкерлер!

🔵Сымсыз желінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында жақын арада жалпы KAZGASA Wi-Fi желісі өшірілетінін хабарлаймыз.

Бұдан былай сымсыз желіге қосылу пайдаланушылар санатына сәйкес келесі желілер арқылы жүзеге асырылады:

Student — студенттер үшін;

Teacher — профессорлық-оқытушылық құрам үшін;

Staff — қызметкерлер үшін.

‼️Wi-Fi желісіне қосылу корпоративтік есептік жазба (порталға кіруге арналған логин мен құпиясөз) арқылы жүзеге асырылады.

Назар аударыңыздар, ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес корпоративтік есептік жазбаның құпиясөзі әр 45 күн сайын өзгертіледі. Құпиясөз өзгергеннен кейін Wi-Fi желісіне қайта қосылу үшін жаңа құпиясөзді енгізу қажет болады.

Пайдаланушыларды жеке желілерге бөлу:

- сымсыз желіге түсетін жүктемені азайтуға;

- рұқсатсыз қосылулардың санын шектеуге;

- желінің тұрақтылығы мен жұмыс жылдамдығын арттыруға;

- корпоративтік инфрақұрылымның қауіпсіздігін күшейтуге мүмкіндік береді.

🔘Әрбір желіге тек тиісті пайдаланушылар санатына ғана қолжетімділік беріледі. Мысалы, студенттің есептік жазбасымен Teacher немесе Staff желісіне қосылу мүмкін емес. Сол сияқты оқытушылар мен қызметкерлердің есептік жазбалары басқа санаттағы желілерге қол жеткізе алмайды.

Түсіністік танытып, қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғыс білдіреміз!

💻Құрметпен, Ақпараттық технологиялар департаменті

_______________________________________________

📣Уважаемые студенты, преподаватели и сотрудники!

🔵В целях повышения стабильности работы беспроводной сети и обеспечения информационной безопасности сообщаем, что в ближайшее время общий Wi-Fi KAZGASA будет отключен.

Для доступа к беспроводной сети необходимо использовать одну из следующих сетей в соответствии с вашей категорией пользователя:

Student — для обучающихся;

Teacher — для профессорско-преподавательского состава;

Staff — для сотрудников.

‼️Подключение осуществляется с использованием корпоративной учетной записи (логина и пароля, используемых для входа в портал).

Обращаем ваше внимание, что пароль корпоративной учетной записи изменяется каждые 45 дней в соответствии с требованиями информационной безопасности. После изменения пароля необходимо повторно ввести новые учетные данные при подключении к сети Wi-Fi.

Использование отдельных сетей для различных категорий пользователей позволит:

- снизить нагрузку на беспроводную сеть;

- ограничить количество несанкционированных подключений;

- повысить стабильность и скорость работы сети;

- обеспечить дополнительный уровень защиты корпоративной инфраструктуры.

🔘Просим обратить внимание, что доступ к каждой сети предоставляется только соответствующей категории пользователей. Например, учетная запись студента не может использоваться для подключения к сети Teacher или Staff, аналогично учетные записи преподавателей и сотрудников не предоставляют доступ к другим сетям.

Благодарим за понимание и сотрудничество!

💻С уважением, Департамент информационных технологий