
2026 жылғы Дүниежүзілік банк жастар саммитіне өтінімдер қабылдау басталды. Бұл бүкіл әлемнен қатысушылар үшін толық қаржыландырылатын шара.
2026 жылғы Дүниежүзілік банк жастар саммиті туралы толық ақпарат
• Қабылдаушы ел: Америка Құрама Штаттары
• Саммит өткізілетін қала: Вашингтон, Колумбия округі
• Іс-шара күндері: 2026 жылғы 11-12 маусым
• Жеңілдіктер: Толығымен қаржыландырылады
• Өтінім берудің соңғы мерзімі: 2026 жылғы 11 наурыз
Саммиттің тақырыбы – «Болашақтың жұмыс орындары: Цифрлық дәуірде жұмыс орындарын қалыптастыру». Саммит білім беру, дағдыларды дамыту және кәсіпкерлікке бағытталады.
Өтініш беру тәртібі:
Өтініштер тек ағылшын тілінде қабылданады.
Өтініш берудің соңғы мерзімі: 2026 жылғы 11 наурыз – сағ. 23:59 (EST)
Өтініш беру сілтемесі: https://www.f6s.com/world-bank-group-youth-summit-2026/apply
Негізгі мерзімдер
• Өтініш берудің соңғы мерзімі: 2026 жылғы 11 наурыз
• Өтінішті қарастыру және сұхбаттар: 2026 жылғы наурыз-сәуір
Қатысушыларға қойылатын талаптар
• Қатысушылардың жасы 18 жастан 35 жасқа дейін болуы керек.
• Саммитке жеке тұлғалар және бес адамнан тұратын топтар қатыса алады.
• Барлық қатысушылар Дүниежүзілік банк тобына мүше елдердің азаматтары болуы тиіс.
• Ұсынылатын шешімдер инновациялы болуы шарт және онда әр шешімнің оң әсер ету әлеуеті мен ауқымы көрсетуі керек.