
APCEIU және ЮНЕСКО-ның Махатма Ганди атындағы Бейбітшілік және тұрақты даму жолындағы білім беру институты (MGIEP) GCED Жастар желісімен серіктестікте «Бейбітшілікті іс-әрекетке айналдыру: жастарды қолдау үшін БАҚ пен өнердің әлеуетін пайдалану» тақырыбында 12-ші Жастар көшбасшылық семинарын өткізеді.
Шығындар: барлық шығындар, оның ішінде тұру, тамақтану, жергілікті көлік шығындары және Сеулге (Корея Республикасы) дейінгі екі жақты халықаралық әуе билеттері толығымен өтеледі.
Өткізілетін орны: Сеул, Корея Республикасы.
Мерзімі: 2026 жылғы 8-12 маусым (негізгі семинар, оффлайн)/2026 жылғы 12-14 мамыр (дайындық кезеңі, онлайн).
Өтінім берудің соңғы мерзімі: 2026 жылғы 26 наурыз, сағат 23:59 (Корея уақытымен – KST).
Талаптар:
- Ағылшын тілінде еркін сөйлеу.
- 1998 және 2007 жылдар аралығында туған болуы керек.
- Жастар саласы қызметінде кемінде 2 жыл бойы белсенді тәжірибесі болуы қажет.
Өтінім беру сілтемесі: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSddj2zEm-z7CAwCtRwJ-hNlkTTSGp88p4nLjZlHOz-x16yohA/viewform
Қосымша ақпарат алу үшін ҚАУ Халықаралық ынтымақтастық департаментіне, 433б кеңсесіне хабарласыңыз.