ҚАУ 4 курс студенттері мен оқытушыларының назарына! MIS Scholarship 2026: Малайзияға магистратура мен докторантураға шәкіртақы бағдарламасы

ҚАУ 4 курс студенттері мен оқытушыларының назарына! MIS Scholarship 2026: Малайзияға магистратура мен докторантураға шәкіртақы бағдарламасы

от Хамит Рауан -
Количество ответов: 0


Малайзия үкіметі шетелдік азаматтарға Малайзияның жетекші жоғары оқу орындарында магистратура және PhD бағдарламаларына оқуға түсуге шәкіртақы бағдарламасын ұсынады.

Қабылданған білім алушыларға 24 қатысушы университеттің ішінен таңдау мүмкіндігі беріледі, оның ішінде 20 мемлекеттік университет және 4 жекеменшік университет.

Өтінім берудің соңғы мерзімі: 2026 жылғы 3 сәуір.

MIS шәкіртақысы келесіні қамтиды:

-   Толық оқу ақысы

-   RM 1500 көлеміндегі ай сайынғы шәкіртақы.

Бағдарламаның бағыттары

-   Өнер және гуманитарлық ғылымдар

-   Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат

-   Бизнес, басқару және құқықтану

-   Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Талаптар:

-    Қазақстан Республикасының азаматтары үшін ашық.

-   Үміткерлер магистратура немесе докторантураның күндізгі бөліміне өтінім беруі тиіс.

-   Магистратура бағдарламалары үшін 40 жастан, PhD бағдарламалары үшін 45 жастан аспауы тиіс.

-   IELTS сертификаты талап етілмейді.

Қажетті құжаттар

-   Онлайн өтінім

-   Төлқұжат

-   Соңғы алған білімін растайтын диплом

-   Транскрипт

-   2 ұсыныс хат

-   Зерттеу жоспары (Research Proposal)

-   Мотивациялық хат

Өтінім беру сілтемесі: https://biasiswa.mohe.gov.my/INTER/login.php

Қосымша ақпарат алу үшін ҚАУ Халықаралық ынтымақтастық департаментіне, 433б кеңсесіне хабарласыңыз.