
Академик К. Қарасаев атындағы Бішкек мемлекеттік университеті 2026-2027 оқу жылына арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін өтінімдер қабылдаудың басталғанын хабарлайды. Өтінімдер 3 тамызға дейін қабылданады.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы студенттерге бір семестр бойы білім алуға, өздерінің білім алу бағыты бойынша пәндерді меңгеруге, Қырғызстанның мәдениетімен танысуға, сондай-ақ университеттің ғылыми, қоғамдық және студенттік өміріне белсенді қатысуға мүмкіндік береді.
Білім беру бағыттары
ҚАУ студенттері төмендегі білім беру бағдарламалары бойынша білім ала алады:
- Халықаралық қатынастар;
- Туризм;
- Бухгалтерлік есеп, талдау және аудит;
- Қаржы, несие және банк ісі;
- Кәсіпорындағы басқару экономикасы;
- Салықтар және салық салу;
- Экономикалық қауіпсіздік;
- Криптовалюта нарықтары және инвестицияларды басқару;
- Халықаралық бизнес;
- Журналистика;
- Лингвистика;
- Филология (ағылшын тілі);
- Филология (неміс тілі).
Оқу пәндері мен білім беру бағдарламалары туралы толық ақпарат іріктеу рәсімі аяқталып, жеке оқу жоспары келісілгеннен кейін ұсынылады.
Қатысу шарттары
Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға үміткерлер Қазақ-Америка университетінің ішкі конкурстық іріктеу қағидаларына сәйкес анықталады. Бөлінетін орындар саны – 5. Бағдарламаға қатысушыларға оқу және жатақханада тұру тегін ұсынылады.
Үміткерлер бекітілгеннен кейін академик К. Қарасаев атындағы Бішкек мемлекеттік университеті бағдарлама қатысушыларына шақыру рәсімдеу, тіркеу, бейімделу және оқу үдерісі бойынша жан-жақты қолдау көрсетеді.
Барлық қатысушыларға конкурстық іріктеуден сәтті өтуді тілейміз және Қазақ-Америка университетінің студенттерін академик К. Қарасаев атындағы Бішкек мемлекеттік университетінде қарсы алуға асыға күтеміз!
Қосымша ақпарат алу үшін Қазақ-Америка университетінің Халықаралық ынтымақтастық департаментіне, 433б кеңсесіне, бас менеджер Құралай Манарбекқызына хабарласуыңызды сұраймыз. E-mail: k.manarbekkyzy@kau.edu.kz.